- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Психологиялық тұрғыдан оңай...
"Психологиялық тұрғыдан оңай болмады". Танымал актер жаңа жобада әйел рөлін сомдау қаншалық қиынға соққанын айтып берді
Танымал актер Дәурен Серғазин "The DS' Show" жобасына берген сұхбатында жаңа фильмінде әйел рөлін сомдау қаншалық қиынға соққанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі әйел рөлін сомдау психологиялық тұрғыдан қиын екенін жеткізді.
"Кино саласында бірінші рет әйел рөлін сомдап тұрмын, ал театрда арасында болып тұрады. Мұндай рөлді сомдауға шешім қабылдар алдында қорқыныш болды, бірақ жақсы проюсер болды. Оның үстіне сөйлесуге бара жатқанда "жоқ" деп айтамын деп дайындалып барғанмын, бір кесе шайын ішкеннен кейін әпшем мені сындырды.
Әйел болып киноға түсу психологиялық тұрғыдан өте қиын болды. Қорқынышты, жауапкершілігі үлкен, алайда өнер адамдарында әрқашанда нар тәуекел деген іштей бір сезім тұрады. "Жасай аламын ба? Жасай алмаймын ба?" деген сұрақтар мазалап, іштей қиялға беріліп, мидағы шектеуден шыққың келіп тұрады. Бұл осындай мотивпен жасалған образ. Шынын айтқанда әлі де қорқып тұрмын, өзім де әлі көрген жоқпын", - деді актер.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақ халқының қалыптасу кезеңдерi қандай?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә