Суретке алғаш көз тастағанда нені байқадыңыз? Бұл сіздің мінезіңіз жайлы өзіңіз білмеген құпияны ашуы мүмкін. Ендеше, Massaget.kz тілшісі дайындаған талдауға зер салып көріңіз.
Қайсы ағашты бірінші байқадыңыз?
1-ағаш:
Сіз қатаң тәртіп пен бақылауда өскен жансыз. Мінсіз болуға ұмтылу және қателіктен қорқу сізді өзіңізді төмен бағалауыңызға әкелді. Сіз әрдайым маған артылған сенімді ақтауым керек деген желеумен жүресіз. Бұл өз мүмкіндіктеріңізді ашуға және өмірден ләззат алуға кедергі келтіруі мүмкін.
2-ағаш:
Сізге махаббат пен қолдау көрсетілді, еркіндік берілді. Бірақ сізге сынды қабылдау қиын. Сіз өзіңіздікін үнемі дұрыс деп санайсыз. Бұл үйлесімді қарым-қатынас орнатуға кедергі келтіреді.
3-ағаш:
Сіз жеткілікті көңіл бөлуге мұқтажсыз. Бірақ өз бетіңізбен өмір сүруге үйрендіңіз. Өзіңізді махаббатқа лайық емеспін деп санайсыз. Бұл адамдарға сенуіңізді қиындатады.
4-ағаш:
Сіз тұрақсыз немесе агрессивті ортада өстіңіз. Қорқыныш пен алаңдаушылық сізді үнемі мазалайды. Әлем сіз үшін қауіпті, мен барлығынан сақтықта жүруім керек деп санайсыз. Бұл сіздің демалуыңызға және өмірден ләззат алуыңызға мүмкіндік бермейді.
5-ағаш:
Сіз үйлесімді және позитивті ортада өстіңіз. Бірақ аңғалдық пен проблемаларға бейқамдық байқалады. Бәрі жақсы болады, қиындықтар болмайды деген сеніммен жүресіз. Бұл жауапкершілік алуды қиындатуы мүмкін.
Есіңізде болсын, өз ойыңызды өзгертіп, дамуыңызға ешқашан кеш емес екенін есте сақтаңыз!
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!