Жуырда әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Бұқаралық ақпарат құралдарында қазақтың баласының тағдырына қатысты түрлі ақпараттар шығып жатыр. "Көреміз" бағдарламасы осы бағытта зерттеу де жүргізген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бағдарлама мәліметінше, қазір Мұрат деген есім алған қазақтың баласын асырап алған шетелдік әйел ұзақ уақыт ауруханада жатқан.
"2 жасымда бельгиялық әйел асырап алды. Біз сол жақта тұрдық. Ал жасым 4-тен асқанда асырап алған анамның денсаулығы сыр беріп, ауруханаға жатты. Себебі ертеректе ол күйеуінен айырылып, қайғыдан құса болып жүрген еді. Оның бойындағы күрделі психологиялық ақау байқалған соң ауруханаға жатқызылды. Дәл осы себеппен мен мектеп интернатта болдым. Тіпті асырап алған анамды өте сирек көретінмін. Әр демалыс сайын ғана аз уақыт қана кездесіп тұрдық. Ол 4 жыл көлемінде ауруханада жатты. Тіпті қазірге дейін адамдармен араласпайды. Ол бұрынғыдай эмоциясын қатты білдіре алмайды. Оның ашуланып немесе бақытты жүзін көрген емеспін. Үнемі бірқалыпты жүреді. Біздің қазіргі арақатынасымыз да жақсы емес. Бір-бірімізді сыйлаймыз, алайда арамызда ана мен бала арасындағы байланыс мүлдем жоқ. Бала кезімде де аналық махаббатты сезінбедім. Мені асырап алған анам бала кезімде үнемі ауруханада басқа мәселелерімен жүрді. Ал мен интернатта өстім. Тіпті отырып сөйлесуге де уақытымыз болмайтын", - дейді ол.
@koremiz_1tvkz Жәнібектің шетелдегі өмірі … БАҚҚАН АНА МА? ТАПҚАН АНА МА? #fypシ #көреміз #сұмдықжағдай #руслан #русланөтепбай ♬ оригинальный звук - “Көреміз” бағдарламасы
Айта кетейік, Мұрат әлі де анасын іздеп жүр. Журналист Руслан Өтепбайдың сөзінше, баланың анасы болуы мүмкін әйелдің бірі Өзбекстаннан табылған. Алайда олардың арасында байланыс болмай шыққан.
"Көреміз" редакциясы жүргізген зерттеу барысында болжамды ананың бірі Өзбекстан Республикасы, Нүкіс қаласынан табылды. Біз бірден келіншекті Алматыға алдырттық. Бүгін белгілі болған ДНҚ сараптамасының қорытындысы бойынша өзбек азаматшасы мен Жәнібектің арасында ешқандай туыстық қарым-қатынас анықталмады", - деп жазған еді Руслан Өтепбай.
Еске салайық, бұған дейін бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы анасын іздейтіні хабарланды. Бұл туралы журналист Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
"Анамды табу үшін бәрін жасаймын" - шетелдіктер асырап алған қазақтың баласы
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!