Психология профессоры Джон Грегер, ұйықтар алдында интрузивті ойлар созылмалы мазасыздықтың жалпы белгісі дейді. Ол әріптесі, клиникалық психолог Мег Эррол Метромен бірге ұйқысыздық тудыратын ойлар ағынынан құтылудың жолдарын атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Грегер созылмалы мазасыздықпен ауыратын адамдар қалыпты өмір сүре алатынын, жоғары функционалды болып жүре алатынын және тіпті тұрақты алаңдаушылықты байқамайтынын атап өтті. Оның пікірінше ұзақ эмоционалды шамадан тыс жүктеме ұйқысыздыққа, тітіркенуге және шаршауға әкеледі. Бұл ақыр соңында психикалық шаршауды тудырады.
"Біз қатты шаршаған кезде ғана ұйықтай аламыз. Ондай уақытта түрлі ой ойлауға уақыт та болмайды. Ал сресс ұйықтауды қиындатады. Өйткені бізде алаңдаушылық көп болады", - дейді Грегер.
Өз кезегінде, клиникалық психолог Эррол дене мазасыздықты қауіп сигналы ретінде қарастыратынын және мидың ықтимал қауіпке жауап беруге дайын болуы үшін ұйықтап кетуіне жол бермейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл принцип шын мәнінде қауіп болмаса да жұмыс істейді.
Ұйықтауға кедергі болатын ойлар ағынынан құтылу үшін мамандар жатар алдында жақын адамыңызбен сөйлесуге немесе күнделік жүргізуге кеңес берді. Грегер жақсы оқиғаларға назар аудару маңызды екенін атап өтті. Егер ойыңызға позитивті ештеңе келмесе, өткен күн туралы ойлануға болады.
"Жаттығу жасаңыз, мүмкіндігінше жанжал тудыратын және алаңдаушылық тудыратын жағдайлардан аулақ болыңыз. Түнде алкоголь немесе кофеин ішуден аулақ болыңыз", - деді дәрігер
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!