Кей аналар баласының зейінін өзіне аудару үшін үнемі келінін ренжітіп, одан қандай да бір кемшілік іздеп отырады. Психолог Денис Долговтың айтуынша, оған кінәлі – қарапайым қызғаныш. Маманның айтуынша, бұл сезіммен күресуге болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап.
Ене мен келіннің өзара қарым-қатынасы бастапқы кезде жақсы болып, бірнеше айдан немесе жылдан соң бірден себепсіз өзгеріп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда кездесулер жиі ұрыспен аяқталады және отбасы бірге сирек жиналатын болады.
Бірақ ене мен келін қарым-қатынасы таныстықтың бірінші күнінен бастап нашар болуы мүмкін: анаға ұлының таңдауы ұнамайды. Алайда ол қыздың несі ұнамайтынын түсіндіре алмайды. Шындығында оның жауабы қарапайым: оның оған көңілі толмауына қызғаныш кінәлі.
"Ересек баласын әйелінен қызғану трлі себептермен байланысты болуы мүмкін: ұлымен жақындығын жоғалтып алудан қорқады, ұлына әсер ете алмаудан қорқады, оның назарына таласады, оның таңдауына сенімсіз, үйреншікті күн тәртібінің өзгеруіне бейімделе алмайды және т.б", - деп түсіндірді психолог Денис Долгов.
Маман бұл сезіммен күресуге болатынын айтты. Ол сізге көмектесуі керек бірнеше кеңес берді:
Сіздің өміріңіз бен балаңыздың өмірі – екі түрлі жол. Әркімге өз жолымен жүру қызықты болатындай етіңіз және басқаны таңдауы үшін кінәраттамауға тырысыңыз.
Оқи отырыңыз: Сізге шын ғашық болуға кедергі келтіретін 5 нәрсе