Ата-аналардың баласының жанынан шықпауы және керісінше, аман болудың, баланың қауіпсіздігі үшін атмосфера қалыптастырудың құралы болып саналады. Алайда баланың немесе жасөспірімнің стреске түсіп кетуінің себебі ересектердің шамадан тыс қорқуы болуы мүмкін. Психолог, "Бала отбасында өмір сүруі тиіс" жобасының жетекшісі Азамат Жаманшынов ата-ана-бала байланысына ересек өмірде де тәуелді болып қалмай, үйлесімді әрі сау қарым-қатынаста қалу үшін не істеу керегін түсіндіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
I-BALAQAI жобасын ұйымдастырушылар - Alash Media Group медиахолдингі мен Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңестер мен ұсыныстарын айтады.
Бүгін, 12 қараша сағат 20:00-де I-BALAQAI YouTube-каналында көре аласыздар. Спикер "Пайдалы және пайдасыз байланыс" атты тақырыпта ойын айтады. Сондай-ақ маман үнемі бірге жүрудің салдары қандай болатынын айтады.
Жүргізуші - журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбаттың үзінділерін біздің сайтымыздан және Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан таба алады. i-balaqai жобасы аясында бірқатар подкаст, пайдалы мақала, видеолар шығады.