- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Психолог отбасылық жанжал...
Психолог отбасылық жанжал тудырмайтын бес әдісті айтты
Психолог Юлия Хадарцева отбасылық жанжал тудырмайтын бес әдісті айтты, - деп хабарлайды Мoslenta.ru басылымы.
Психологтың айтуынша, жанжал тудырмайтын бірінші әдіс - жауапкершілік.
"Өзіңізден жанжал неден туындағанын, қандай пайда әкелетінін сұраңыз. Жанжалдың жасырын себебі табылса, жағдайды түзетуге болады және серіктесіңізбен жақсы қарым-қатынас орната аласыз", - дейді психолог.
Сарапшының екінші кеңесі - бір-бірімен бәсекелесуге немесе рольдерді өзгертуге тырыспай тепе-теңдікті сақтау.
Үшіншіден, серіктестен ананы немесе әкені іздемеу керек, бұл реніш пен жанжалға әкеледі.
"Анамызға немесе әкемізге бала кезден жиналған реніштеріміз болуы мүмкін. Осы себепті жеткілікті қамқорлық жасамады, сүйіспеншілік танытпады, бізді жақсы қорғамады деп ренішімізді айтып бастаймыз. Мұндайдан саналы түрде бас тарту керек", - деді психолог.
Психологтың айтуынша, төртінші себеп бір-бірін кінәлап, ауыр сөздер айту. Сондықтан жанжал кезінде жұбыңызбен "Мен-концепциясы" арқылы сөйлескен дұрыс. Яғни, кінәлаудың орнына, өз сезіміңіз туралы айтқанда жанжал ұзаққа созылмайтыны дәлелденген фактор.
"Оған: "Бұл сенің кінәң", "Сен дұрыс емес жасадың" деп ешқашан айтпа. Керісінше, өз сезіміңді білдіре отырып неге ренжігенін, көңілі толмауға не себеп болғанын сұрау керек. Жұбайыңыз жағдайды қалай түзетуге болатынын, сізді неге ренжіткенін өзі неге ренжігенін түсіндіріп берген жөн", - дейді психолог.
Бесіншіден, сіздің өмірлік серігіңіз сіздің ең жақын адамыңыз екенін ұмытпаңыз және барлық келіспеушілік бірге шешілуі керек.
Г. Досымшалова"Сіздер біртұтассыздар. Онымен жанжалға түскенде, сіз бейсаналық түрде өзіңізбен айтысасыз. Бұл жақсылыққа әкелмейді. Сонымен қатар, тек өзіңізге назар аударуды тоқтатыңыз: серіктесіңіздің де адам екенін түсініңіз, оның өз ауруы мен жарақаттары болуы мүмкін. Бақытты, тыныш өмір сүру үшін бір-бірлеріңіздің кемшіліктеріңізді қабылдап, жақсылықтарыңызды асырып, жамандықтарыңызды жасыруды үйрену керек", - деп түсіндірді Хадарцева.