Психолог отбасы құрар алдында жұбыңызбен не талқылау керегін айтты

Психолог отбасы құрар алдында жұбыңызбен не талқылау керегін айтты
Фото: depositphotos.com

Екі жас некеге тұрар алдында отбасылық өмірдегі міндеттерді бөліп алғаны дұрыс. Бұл туралы психолог, отбасылық терапевт Екатерина Альская айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Радио 1-ге" сілтеме жасап.

Маман үйленбей тұрып серіктестердің әрқайсысының ортақ мақсаты мен жеке тілектерін талқылауға кеңес берді.

"Сондай-ақ отбасындағы рөлдерді, кім не үшін жауап беретінін таратып, өзара келісімге келген жөн. Оған қоса жыныстық белсенділік, жыныстық қатынас жиілігі - ерлі-зайыпты үшін өте маңызды. Темперамент біріктірілуі керек. Егер ол бір-біріне сай келмесе, салдарынан жанжал көбейіп, ақыр соңы ажырасуға әкеп соқтыруы мүмкін", - деді психолог.

Екатерина Альская ажырасудың жалпы себептері - дәмелену мен әркім өз миында қалыптастырып алған кейіп екенін түсіндірді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә