Әдетте оқушылардың психикасы өте тұрақсыз болады, ал олардың өз-өзін бағалауы мұғалімдеріне, сыныптастарымен қарым-қатынасына, мектепте алатын бағасына да байланысты. Бұл туралы "Тетрик" балаларға арналған онлайн мектебінің психологы Марк Шишлев айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Баланың психикалық күйі мектеп өміріне және ондағы оқиғаларға тығыз байланысты. Маман пікірінше, оқушының өзіне деген сенімділігін қалыптастыруда үй тапсырмасын, тақтадағы жауаптарды, тест тапсырмаларын орындағаны үшін алатын бағалар басты роль алады. Бұл жайттар мектеп оқушыларының мотивациясына да, демотивациясына да әсер етеді.
Шишлевтің сөзінше, әдетте күнделіктегі бестік немесе үштік оқушының өзін-өзі бағалауын емес, мұғалімдердің, ата-ананың нәтижеге деген көзқарасын көрсетеді.
"Мұғалім баға қойып, бұл тек қазіргі білімнің көрсеткіші екенін, алда өзгертуге мүмкіндік туатынын айта алады. Мұғалім бұрыс кері байланыс қолданып, баланың білімін емес, өзін бағалайтын кездер де болады немесе сыныптастары тақтадағы сәтсіз жауапқа күлуі мүмкін. Сыртқы реакцияға байланысты бала өзін ыңғайсыз сезінуі мүмкін немесе өзін жеңімпаз сезінеді", - дейді Марк Шишлов.
Психологтың айтуынша, мектептегі достары мен сыныптастары да үлкен беделге ие және бұл факторлар да бала тұлға ретінде қалыптасуына қатты әсер етеді. Оның айтуынша, сыныпта балалар алғаш рет әлеуметтік байланыс орнатуды және ұжымдағы ролін анықтауды үйренеді.
"Балалардың ешқайсы буллингтен сақтандырылмаған, сондықтан әрбір ата-ана баладан мектептегі қарым-қатынас пен атмосфера туралы жиі сұрауы керек", - деп кеңес берді маман.
Әртүрлі мектеп жарысы немесе іс-шара баланың күйгелектігін туындатуы мүмкін.
"Көпшілік алдында сөйлеу психикасы күшті ересектерді де қобалжытып жібереді. Кейбір балалар қателесуден қорқып, қорқынышпен күресу қиынға соғуы мүмкін", - дейді психолог.
Маман мектепте бала өз дағдыларын бағалауды үйренетінін жеткізді.
"Мұғалімнің оқушының іс-әрекетін немесе білімін әділ бағалаудың орнына оның жеке басы туралы теріс пікірі оның мазасыз болуына және өзін-өзі бағалауының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, оқушының жағымды қасиеттерін ғана айтып, нәтижеге назар аудармаса, баланың өз-өзін бағалауы да тым жоғары болуы мүмкін", - деп қорытындылады Шишлев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!