Көпшілік жаңа жылды жаңа кезеңнің басталуының символы ретінде қабылдайды. Өзгеріс үшін таптырмас уақыт деп түсінеді. Мереке алдында тіпті кейбіреулер өзіне жаңа өмір бастауға уәде береді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Алайда көбіне алға қойған жоспарлар орындалмай жатады. Бұл ештеңе өзгермейді деген қорқыныштан туындайды екен. Атақты психолог Михаил Лабковскийдің айтуынша, жас өскен сайын мұндай қорқыныш та ұлғая түседі.
"Өмірдің белгілі бір сәтінде өзгеріс қызық болып көрінеді. Әдетте ол бәріне оңай бейімделетін жастық шақта болады. Ересек кезде өмірдегі күрт өзгерістер қорқынышты көрінеді, тіпті олар тек жақсылыққа бастаса да іштей үрей болады", - деп түсіндірді Михаил Лабковский.
Мұндай жағдайда не істеу керек?
Егер бәрін жаңадан бастауға деген ұмтылыс болса, өзгерістерден қалай қорықпауға болады? Психолог бұл жағдайға арналған екі кеңес берді.
Өзгерістерге қатты мән бермеу керек, оларды солай болуы керек деп қабылдаған жөн. "Иә, көшіп кетемін. Иә, маған жаңа жұмыс іздеу керек болады" (деген секілді - еск.).
Жаңа жылдан бастау міндет емес
Егер адам бір өзгерісті қаласа, жаңа өмірді бастау үшін оны белгілі бір уақытқа шегерудің қажеті жоқ. Клиникалық психолог Денис Долгов бұған дейін сәтті пайдалану керек екенін айтқан еді. Яғни ресурс бар кезде қолданылуы керек.
"Спортпен айналысқыңыз келе ме, дәл қазір клубқа жазылыңыз және тез арада алғашқы жаттығуды жоспарлаңыз немесе спорт алаңына барыңыз. Ағылшын тілін үйренгіңіз келе ме, дәл қазір мұғалім немесе курс тауып алып, алдын-ала төлеңіз", - деді сарапшы.
Маманның пікірінше, көп жағдайда өзгерістерден қорқу адамның дамуын тежейді және өмір сапасын төмендетеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!