Есте сақтауды ынталандыру, ми жұмысын жақсарту және емтихан кезіндегі күйзеліспен күресу үшін аяқ пен қол бұлшықеттерін босаңсыту керек. Бұл жайлы "NEWS.ru"-ге психолог Наталья Наумова айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, егер аудиториядан шығуға мүмкіндік болса, қол-аяғыңызды алақаныңызбен жайлап ұрып шығуға болады. Сондай-ақ қозғалу пайдалы.
"Емтихан кезінде ми жақсырақ жұмыс істеуі үшін, зейінді болу үшін және есте сақтау жақсы болу үшін бұлшықеттермен жұмыс істеу керек. Біз жағдайға қарай аяқ пен қолдың барлық бұлшықеттерін қатайтамыз және босатамыз. Егер шығуға мүмкіндік болса, қол-аяғыңызды қағуға болады. Белсенді бола түсу үшін аздап қозғалыңыз. Ең бастысы - позитивті ойлау", - дейді психолог.
Маман сондай-ақ емтихан кезінде ата-аналар балаға ұрыспай, керісінше, қолдауы керек. Сол кезде оқушының бойындағы кернеу түседі. Бала өз күшіне сенуі керек. Оқушы емтихан сәтсіз өтсе, ақыр заман болмайтынын түсіну керек.
Еске салайық, бұған дейін емтихан тапсыруға барарда жеуге болмайтын тағамдар жайлы жазған болатынбыз.
Тәтті тағамдар. Қант адамның миына өте зиян. Әсіресе, қант адамның жаттау, есте ұстау, жалпы айтқанда жад жұмысына кері әсер етеді. Содан адамның ұзақ жаттау қабілеті бұзылады. Сондықтан емтиханға дайындық бастарда тәтті жеуді доғарыңыз.
Кофе. Кофені ұйқыашар үшін ішетіндер аз емес. Олардың қатарында студенттер де бар. Алайда кофеин ағзаның өзінен энергия өндіру арқылы миға кері әсер етеді. Кофе адамның ұйқысын қашырып, ағзаға артық күйзеліс түсіреді. Содан жүрек соғысы жиілеп, созылмалы белгілер, қорқыныш пен үрей пайда болуы мүмкін.
Қуырылған тағам. Емтихан тапсыруға дайындалып жатсаңыз, қуырылған тағам жеуден тартыныңыз. Қуырылған тағам миға зиян. Қаныққан май мен холестерин миға қан жүргізбей, кедергілер келтіреді. Содан мидың қабілеті төмендеп кетуі мүмкін.
Трансмай қосылған тағамдар. Бұған қандай тағамдар жататынын білетін боларсыз. Фастфуд. Мұндай тағамдар мидың солуына, ойлау қабілетінің төмендеуіне, мешеулікке әкеледі. Шешім қабылдау мен ойлау төмендеп кетеді. Ми қабілетінің кез келген процесіне кері әсер етеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!