- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Психолог байып кетуіңізге...
Психолог байып кетуіңізге кедергі келтіріп жүрген үш нәрсені айтты
Танымал психолог Михаил Лабковский байып кетуге кедергі келтіретін үш нәрсені атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер" сайтына сілтеме жасап.
Маманның сөзінше, шын мәнінде сіздің табысыңыз қанша уақыт жұмыс істейтініңізге байланысты емес. Мәселе миыңызда өзіңіз "орнатып алған" кедергілермен байланысты болуы мүмкін. Сонымен, Лабковский айтып отырған үш нәрсе мыналар:
1. Сүйікті іспен айналысу
Өзіңіз жақсы көретін нәрсемен айналысыңыз. Өзіңізге не ұнайтынын түсіну үшін біраз уақыт кетуі мүмкін, ол қалыпты дүние. Егер сүйікті ісіңізбен айналыссаңыз ол пайда әкелері сөзсіз.
2. Кедей адам секілді ойлауды тоқтату қажет
Лабковскийдің сөзінше, бай боламын десеңіз кедей секілді ойлауды доғарыңыз. "Ауыр күндер үшін" ақша жинай беретін болсаңыз, сол күндер болашақта расында болуы мүмкін. Себебі сол күнге алдын ала дайындалған өзіңіз. Бірақ тым артық та кетпеу керек: бүкіл жалақыңызды соңына дейін жұмсап тастауға да болмайды.
3. Өзіңізге сеніңіз
Иә, бұл жиі еститін сөзіңіз болуы мүмкін. Бірақ жақсы табыс табу үшін өзіңізге сеніп, бұл сіздің қолыңыздан келетініне сену маңызды. Өзіне сенбейтін адамды бірден байқауға болады: кездесуде жұмыс берушіге өте төмен жалақыны айтып, жұмысқа орналасқан кезде қорқақтап жүреді. Сондықтан ондай адамдардың табатын табысы да өте аз болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина