Әдетте бала 2 жасқа жақындағанда, кейбір кезде бір жарым жасында сөйлей бастайды. Сонымен қатар, 1 жарым жасында ол басқалардың сөзін түсіне білуі керек. Бұл туралы психология ғылымдарының докторы, Мәскеу психоанализ институты Арнайы дефектологиялық білім кафедрасының профессоры Татьяна Визель айтты. Ол балаларда сөйлеу қабілетінің кешеуілдеу себептерін атады, - деп хабарлайды "Лента.ру" басылымы.
Бір жарым жасында балада нейрондардың тығыз желісі және олардың арасындағы байланыстарды, яғни сөйлеуді және түсінуді қамтамасыз ететін өткізгіштер қалыптасады.
Оның пікірінше, бала осы жасқа дейін сөйлемесе, ата-аналар "ештеңе етпейді, ол әлі кішкентай, сөйлейді" деген оймен күтіп жүре бермеуі керек. Бұл жағдайда оған педиатр мен невропатологтың ғана емес, логопед пен нейропсихологтың да көмегі қажет екенін атап өтті.
"Баланың кеш сөйлеуі оның дамуына қатысты маңызды мәселе барын көрсетеді", - дейді психолог.
Психолог пікірінше, баланың сөйлеу қабілетінің кешеуілдеуінің көптеген себебі бар және олар әртүрлі болуы мүмкін. Алдымен жүктілік, босану және нәресте кезінде қандай да бір мәселе болып-болмағанын ескеру керек. Бұл - сөйлеу қабілеті кешеуілдеуінің жиі кездесетін себептерінің бірі.
Содан кейін бала қандай ортада екеніне көз жеткізу керек, баланың анамен және басқа жақын адамдармен қарым-қатынасын ескеру қажет. Визель ересектердің балаға травматикалық әсері бар-жоғын түсіну керегін айтты.
Баланың мінезі де маңызды екен, ол көпшіл ме, тұйық па, осы мәселеге мән беру қажет. Психолог сөйлеу қабілетінің кешігу себептері физиологиялық ерекшеліктерде де болуы мүмкін екенін атап өтті. Балада тілдің, еріннің және басқа органдардың бұлшық еттері төмен (әлсіз немесе шамадан тыс) болса, есту қабілеті төмен болады.
"Баланы бұл күйден шығару оңай емес, бірақ тәжірибелер бойынша көп жағдайда мүмкін. Сөйлеу қабілетінің кешеуілдеуі түбегейлі үкім емес. Мұндай жағдайды мамандардың уақытылы әрі сауатты көмегі арқылы шешуге болады", - деді психология ғылымдарының докторы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!