- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Психолог адам өз-өзіне...
Психолог адам өз-өзіне қол жұмсағысы келсе не істеу керегін айтты
Кеше ғана елді дүрліктірген оқиға болды. Маңғыстау облысында 38 жастарғы ер адам балаларымен бірге өз-өзіне қол жұмсаған. Ал ең кішкентайы 10 айлық екен. Былтыр да Алматыда әйел кішкентай үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткен болатын. Бәрінің көкейінде "сәбилердің жазығы не?" деген сұрақ. Тіпті ресми деректерде елде түрлі себептен биыл бір жасқа дейінгі 2000-нан аса сәби қайтыс болғаны айтылады. Massaget.kz тілшісі психолог Анаргүл Маулиқызымен сұхбаттасты. Маман отбасында тұрмыстық мәселе туындап, адам өз-өзіне қол жұмсағысы келсе, қалай алдын алу керегін айтты.
"Адамның өз-өзіне қол жұмсағысы келуін қайғыдан құтылғысы келу деп сипаттауға болады", - дейді маман.
Жаман ой мазаласа, не істеу керек?
Психолог адамды жаман ой мазаласа, әрқашан айналасымен бөлісу керегін айтады. Маман осындай қадамға барғысы келетіндерге кеңес берді:
- Жаман ойдан жалғыз қалып арылуға тырыспаңыз. Өлім туралы ой келсе, өзіңіз сенетін біреумен сөйлесіп, ой бөлісу, жақын адамнан көмек сұрау қажет. Себебі жалғыз адам бұл ойды қашыра алмайды.
- Туысыңызбен, достарыңызбен немесе әріптесіңізбен байланысқа шығыңыз, сөйлесіп, жеңілдеп қаласыз.
- Туысыңызға немесе жақын адамыңызға ішкі күйіңіздегі жан сырыңызды аша алмасаңыз, таныс емес адаммен байланысқа шығып көріңіз. Оған арнайы психологиялық орталықтар да бар.
- Далада таза ауамен жүріңіз, ол миға қуаныш гормонын толтырады.
- Антидепрессант қабылдап көріңіз. Бұл арқылы ішкі уайымнан, қайғыдан арылуға болады.
- Эмоция шығару қажет (жылау, айғайлау).
- Кез келген қиын жағдай қашан да түзелетінін естен шығармау керек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова