Абай облысында жоғалған ер адам еңбек құлдығында жүрген жерінен табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.
1973 жылы туған, психикалық ауытқуы бар ағасы хабар-ошарсыз кеткенін айтқан әйел полицияға жүгінген.
"Ақпаратты тексеру барысында ер адамды алдап, байланыс құралдарын тартып алып, Семей қаласынан 200 шақырым қашықта орналасқан шаруа қожалығына алып кеткен екі ер адам ұсталды", - делінген хабарламада.
Ер адам үш апта бойы үй шаруашылығында жұмыс істеуге мәжбүр болған.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 128-бабы "Адам саудасы" бойынша тіркелді.
Жәбірленуші туыстарына қайтарылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!