Алматы облысында психикалық бұзылысы бар ер адам қоғамдық дәретханада екі оқушы қызды зорламақ болған. Қыздар қаскөйдің қолынан сытылып үлгерген. Бұл туралы облыстық полиция депратаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 9 шілдеде Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында болған.
"Екі дерек бойынша ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі 120-бабы, 3-2-бөлігі, яғни "Зорлауға оқталу" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Полицейлер 31 жастағы ер адамды ұстады.
"Оның психикалық дамуы тежелген, мүгедектігі бар және психоневрологиялық диспансерде есепте тұрады", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Соңғы процессуалдық шешім арнайы психиатриялық сараптаманың қорытындысы негізінде қабылданады.