Тырнақты тістеу әдетін онихофагия деп атайды. Ол әдетте балалық немесе жасөспірім жаста пайда болады. Оны адамдар жиі эмоционалдық жағымсыздықпен күресу құралы ретінде қолданады. Психолог Елена Митрохина бұл зиянды әдеттің пайда болу себептерін атады және одан қалай арылу керегін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап.
Адам тырнағын тістегеннен кейін шынымен де тыныштала алады. Алайда бұл проблеманың уақытша шешімі. Оған қоса, тырнақты тістеу теріңізге және ағзаңызға зиян болуы мүмкін. Сондықтан күйзелістен немесе мазасыздықтан арылудың басқа әдістерін тапқан жөн. Бұл әдеттен арылу үшін оның пайда болу себебін анықтау қажет.
Адамдардың тырнақ тістеуінің кең тараған себептері
Күйзеліс пен мазасыздық
Зиянды әдет эмоциялық жүктемемен күресу кезінде адамның өзін-өзі тыныштандыру құралы болуы мүмкін.
Жүйке қозуы
Кей адамдар жүйкесі қозған кезде немесе мазасызданғанда ішке жиналған кернеуді сыртқа шығару үшін тырнағын тістеуі мүмкін.
Зерігу
Кейде адамдар еріккеннен тырнақ тістеп бастайды.
Зиянды әдеттер
Егер адам бала кезінен бастап тырнағын немесе тырнақ айналасындағы етті тістеп, оны қайталай берген болса, бұл оның әдетіне айналып кеткен болуы мүмкін.
Психологиялық себептер
Кей жағдайларда тырнақ тістеу - психологиялық проблемалардың белгісі. Мысалы: жоғары мазасыздық, өзін-өзі төмен бағалау, перфекционизмге бейімділік.
Босаңсу дағдыларының жетіспеушілігі
Кейде адамдар демалуды және босаңсуды білмейді. Нәижесінде, олар тырнағын тістейді. Бұл әдет олар үшін шаршағандықпен күресудің жалғыз әдісі болуы мүмкін.
Бұл әдеттен не үшін арылу керек?
Біріншіден, тырнақ пластинасын зақымдайсыз. Уақыт өте ол сынғыш болып кетеді.
Екіншіден, тырнақтың асты өте лас болады. Ол көзге көрінбейді. Үнемі тырнақты тістеу бактериялар және вирустар жұқтыру қаупін арттырады.
Үшіншіден, тырнақ тістеу қолыңыздың сыртқы түрін бұзады. Ал ол өзін-өзі бағалауға, өзіңізге деген сенімділікке әсер етуі мүмкін.
Оған қоса, тырнақ тістеу психикаңызға қауіпті болуы мүмкін. Психологиялық жағдайыңызды елемей, өзіңізді мұндай әдіспен тыныштандырып жүре берсеңіз, күйзеліс ешқайда кетпейді.
Бұл зиянды әдеттен қалай арылуға болады?
Зиянды әдеттер жылдар бойы қалыптасады. Сондықтан олардан арылу үшін де нақты уақыт керек. Шыдамды болып, мына кеңестерді орындап көріңіз.
Қажет болса, психологқа немесе терапевтке қаралыңыз.
Оқи отырыңыз: "Жыныс мүшесін ұстау, тырнағын тістеу". Психолог бала зиянды әдеттерге не үшін баратынын айтты