Ангедония - қуаныш пен рахатты сезінбеу. Ол қанша уақытқа созылуы мүмкін? Дәрігерге бару керек пе? Бұл сауалдарға психиатр жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Сүйікті хобби, спорт, достармен қарым-қатынас бір кездері қуанышқа бөлеуі мүмкін, алайда кенет адам бұл сезімді сезінбеуі мүмкін.
"Бұл - бұрын ләззат пен жағымды эмоциялар әкелген әрекеттер мен оқиғалардан адам қуанышқа бөлене алмайтын кездегі психикалық ауытқу", - дейді психиатр Наталья Тищенко.
Ангедонияның бірнеше белгісі бар:
Аурудың басталуын бақылау қиын. Барлығы баяу дамиды, уақыт өте келе симптомдары күшейеді.
"Көбіне бұл жағдай ұзақ мерзімді күйзеліс пен тұрақты шиеленіске, соматикалық аурулардың болуына немесе мидың жарақатына байланысты дамиды", - дейді дәрігерлер.
Наталья Тищенконың айтуынша, ангедония күйзеліс, соматикалық патологияның белгісі (қалқанша безінің бұзылуы, анемия, дәрумен тапшылығы) және әртүрлі психикалық жағдайлардың симптомы, шизофренияның көрінісі болуы мүмкін.
"Егер екі аптадан аса уақыт бойы көңіл күйіңіз жоқ болып, ангедонияның басқа белгілерін сезінсеңіз, диагноз қою үшін маманға бару керек. Ангедонияның себебін тауып, оны шешу керек", - дейді Наталья Тищенко.
Ангедония жүйке ауруына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан мамандардың көмегін елемеуге болмайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!