- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Психиатр ұзақ уақыт...
Психиатр ұзақ уақыт көңіл күй болмай жүруінің себебін атады
Ангедония - қуаныш пен рахатты сезінбеу. Ол қанша уақытқа созылуы мүмкін? Дәрігерге бару керек пе? Бұл сауалдарға психиатр жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Сүйікті хобби, спорт, достармен қарым-қатынас бір кездері қуанышқа бөлеуі мүмкін, алайда кенет адам бұл сезімді сезінбеуі мүмкін.
"Бұл - бұрын ләззат пен жағымды эмоциялар әкелген әрекеттер мен оқиғалардан адам қуанышқа бөлене алмайтын кездегі психикалық ауытқу", - дейді психиатр Наталья Тищенко.
Ангедонияның бірнеше белгісі бар:
- көңіл-күйдің төмендеуі;
- апатия;
- мазасыздық пен жайсыздық;
- тұйық болу, бұрын сөйлескенді ұнататын адамдармен сөйлескісі келмеу.
Аурудың басталуын бақылау қиын. Барлығы баяу дамиды, уақыт өте келе симптомдары күшейеді.
- Ангедонияның себептері
"Көбіне бұл жағдай ұзақ мерзімді күйзеліс пен тұрақты шиеленіске, соматикалық аурулардың болуына немесе мидың жарақатына байланысты дамиды", - дейді дәрігерлер.
Наталья Тищенконың айтуынша, ангедония күйзеліс, соматикалық патологияның белгісі (қалқанша безінің бұзылуы, анемия, дәрумен тапшылығы) және әртүрлі психикалық жағдайлардың симптомы, шизофренияның көрінісі болуы мүмкін.
- Қашан маманға жүгіну керек?
"Егер екі аптадан аса уақыт бойы көңіл күйіңіз жоқ болып, ангедонияның басқа белгілерін сезінсеңіз, диагноз қою үшін маманға бару керек. Ангедонияның себебін тауып, оны шешу керек", - дейді Наталья Тищенко.
Ангедония жүйке ауруына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан мамандардың көмегін елемеуге болмайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова