Пшөнге арналған сәулет мүсіні қойылатын жер белгілі болды

Пшөнге арналған сәулет мүсіні қойылатын жер белгілі болды
Фото: Азамат Кенжеғалиевтің жеке архивінен

Былтыр Атырау облысындағы су тасқыны кезінде көпшілікке көмектескен Пшөн есімді итке арналған сәулет мүсіні қайда қойылатыны белгілі болды. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Massaget.kz-ке берген жауабында мәлімдеді. 

Әкімдік сәулетші Азамат Кенжеғалиевтің Пшөнге арналған мүсіні Атырау облысы Махамбет ауданына қойылатынын айтты. 

"Индер ауданындағы түрлі бастамалардың авторы, шағын сәулет нысандарын жасаудың шебері, ерікті Азамат Кенжеғалиев өткен жылы су тасқынына қарсы жұмыстарға белсене қатысып есте қалған еді. Ол еріктілер атынан су тасқыны кезінде көпке көмектесіп есте қалған Пшөн есімді итке арнап шағын архитектуралық мүсін жасап шығарды. Мүсін Махамбет ауданына қойылады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Пшөнге арнап мүсін жасаған шебер Азамат Кенжеғалиевпен сұхбаттасып, шығармашылығы жайлы жазған едік. Шебер мүсін дайын болғаннан кейін ешкімге керек болмай қалғанын айтып, дабыл қаққан болатын. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Литпин