- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Прокурорлар қиын жағдайға...
Прокурорлар қиын жағдайға тап болған 48 жастағы қарағандылыққа көмектесті
Қарағанды облысының прокуратурасы қиын жағдайға тап болған 48 жастағы тұрғынға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағанды облысының прокуратурасы бұқаралық ақпарат құралдарында қиын өмірлік жағдайға тап болған Абай ауданының тұрғыны туралы ақпаратты көрген. Шахтаның саяжай қоғамдастығында тұратын, тек жеті сыныптық білімі бар 1976 жылы туған ер адамның жұмыссыз қалған. Сонымен қатар, ер адамға туыстары да қолдау көрсетпейтін көрінеді.
Прокуратураның тапсырмасы бойынша Абай ауданының Жұмыспен қамту бөлімінің және полиция бөлімінің қызметкерлері ер адамның тұрғылықты жеріне барып, азаматтың өмір сүру жағдайлары қалыпты өмір сүруге жарамсыздығын, сонымен қатар оның жеке куәлігі жоқ екенін және мүгедектігі рәсімделмегенін анықтады.
Ер адам Абай қаласындағы ауруханаға жатқызылып, оған медициналық көмек көрсетілген. Полиция басқармасы жедел түрде оған жеке куәлік рәсімдеді.
Қазіргі уақытта азаматтың мүгедектігін рәсімдеуге және оны медициналық-әлеуметтік мекемеге жіберуге қажетті құжаттар дайындалып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина