Прокурорлар Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков мемлекеттік наградаға ие болды

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істе мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков мемлекеттік наградаға ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық мереке қарсаңында Ата заңның орындалуын қадағалап, еліміздің тыныштығын сақтау жолында еңбегі ерекше прокурорлар мемлекеттік наградаға ие болды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен осы күні Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.

Ел назарын аударған Бишімбаев сотында қара қылды қақ жарған әділдігімен көзге түсіп, есімі елге танылған Аймағанованың осы істен кейін шені өсіп, қызметі де жоғарылапты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!