- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Прокурорлар: "Алматыэлектротранс" заң...
Прокурорлар: "Алматыэлектротранс" заң бұзды, 250 миллион теңге өтелді
Фото:
Tengrinews.kz
Алматының Алмалы ауданының прокуратурасы қызметкерлерді міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде "Алматыэлектротранс" ЖШС-да мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзу фактісін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұзушылық, қызметкерлерді міндетті сақтандыру шартын электрондық мемлекеттік сатып алу порталын айналып өту арқылы және қағаз түрінде заңсыз жасалғанынан анықталды.
Прокуратураның қолданған шараларымен міндетті сақтандыру шарты сот тәртібімен бұзылды, 250 миллион теңге бюджет қаражаты мемлекет кірісіне өтеліп, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан