- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Прокурордың ұлы ма?"....
"Прокурордың ұлы ма?". Шымкентте "гүл дүкенін тонады" деп айыпталған экс-полицей желіні шулатты
Желіде Шымкенттегі дәмханада ер адамның әйелдің телефонын алып жатқаны түсірілген кадрлар таралуда, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Видеодағы "кейіпкер" 2023 жылы Шымкенттегі гүл дүкенін тонады деп айыпталған полицейге қатты ұқсайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
2023 жылы Қазнетте Шымкенттегі гүл дүкенінде түсірілген видео резонанс тудырған еді. Дүкенге келуші гүлді төлемсіз алады. Ол Шымкент Қаратау аудандық полиция басқармасының қызметкері болды. Оқиғадан кейін полиция қызметкері жұмыстан шыққан еді.
"Алайда кейбір ақпарат көздері Бековке қатысты іс тоқтатылды деп хабарлайды. Оның үстіне, нақты қай жерде екені айтылмаса да, ол қызметін жалғастыруда. Біз Шымкент қалалық ІІБ-нен өткен жылғы оқиғаға қатысты да, осы оқиғаға қатысты да түсініктеме сұрадық", – деп жазады басылым.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы