Прокурордың талабын орындамаған шенеунік жауапқа тартылды

Прокурордың талабын орындамаған шенеунік жауапқа тартылды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысында прокурордың талабын орындамаған әкімнің орынбасары жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Қосшы қаласының прокуратурасы бюджет заңнамасын бұзу бойынша деректі анықтады. Алайда қала әкімінің орынбасары тиісті ақпаратты уақытында бермеген. Осылайша, "Прокуратура туралы" конституциялық заңның талабы бұзылған.

"Прокурордың талабын орындамаған үшін әкімнің орынбасары Әкімшілік кодекстің 2 бабы бойынша 370 мың теңгеден асатын сомаға айыппұл салынып, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.

Аяз Есен 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz