Прокурор полиция генерал-майоры Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талдықорғанда Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.
Күдебаевқа Қылмыстық кодекстің 362-бабы 2-бөлігі "Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану" бойынша айып тағылды. Сот процесі барысында мемлекеттік айыптаушы судьядан күдікті Серік Күдебаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Айта кетейік, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың соты қаңтарда басталған болатын. Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!