Прокурор Қуандық Бишімбаевтың сотта күліп сөйлегеніне ескерту жасауды сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Экс-министр Салтанат жайлы естелігін айтып жатқан кезде мысқылдап, күлгендей болған. Мұны прокурор байқап, соттан Бишімбаевқа ескерту жасауын сұрады.
"Сіз жымиып қана қоймай күліп отырсыз", - дейді прокурор.
"Айыпталушы Бишімбаев, іс бойынша сөйлеңіз. Сарказмсыз, күлмей, марқұмның туыстарына құрметпен қараңыз", - деді судья.
Еске салайық, бұған дейін сотта Бишімбаев Нүкеновамен қалай танысқанын айтқан болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз