- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Прокурор Қайрат Боранбаевты...
Прокурор Қайрат Боранбаевты 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Сотта прокурор Айжан Аймағанова Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аймағанова соттан Боранбаевты кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Еске салайық, 26 желтоқсанда Қаржы мониторингі агенттігі өкілдері Қайрат Боранбаев ісінің жай-жапсарын айтқан болатын.
Ведомство мәліметінше, "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов және Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру деректері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Ұлттық компанияға келтірілген залал Qazaq Gaz АҚ шоттарына аудару арқылы толық көлемде өтелді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек