- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны...
Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға соттауды сұрады
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды бопсалау, жүгенсіздік және кәсіпкерді заңсыз еркіндігінен айыру ісі бойынша сотқа тартылып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
22 тамыз күнгі жарыссөзде прокурор оны 13 жылға соттап, қауіпсіздігі орташа мекемеге жазасын өтеуге жіберуді сұрады.
Бұған қоса, айыпталушылардан жәбірленушілердің пайдасына шамамен 342 миллион теңге өндіріп беруді өтінді.
2019 жылы қыста Гүлмира Сатыбалды бір кәсіпкерді "ортақ бизнестен 5 миллиард теңге қаражатты алды" деп айыптаған. Кәсіпкер айыппен келіспей, ақшаны қайтарудан бас тартқаннан кейін оны үйінде 165 күн ұстаған.
Айта кетейік, былтыр Гүлмира Сатыбалдыға екі рет сот үкімі шыққан. 2023 жылы маусымда Қызылорда соты "Бөтеннің мүлкін иемдену және жымқыру" бабы бойынша айыпталған Гүлмира Сатыбалдыны сегіз жылға бас бостандығынан айырған еді. Оның алдында Астана соты "Адам ұрлау" (125-бап) және "Өзінше билік ету" (339-бап) баптары бойынша айыпталған Гүлмира Сатыбалдыны жеті жылға соттаған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан