Прокурор Дана Сәрсенбай: “Шерзат ісі - тәжірибемдегі ең ауыр іс“

Прокурор Дана Сәрсенбай: “Шерзат ісі - тәжірибемдегі ең ауыр іс“
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Шерзат Болаттың өліміне қатысты іске мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысқан Дана Сәрсенбай эксклюзив сұхбат берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Прокурор Дана Сәрсенбайдың сөзінше, сотқа қатысатын мемлекеттік айыптаушылар заң талаптары бойынша және дәлелдерге сүйене отырып қана жұмыс істеуі керек.

"Бұл іс - менің тәжірибемдегі аса ауыр санаттағы бірінші іс. Бұрын адам өлтіру дерегі бойынша процеске қатысып көрмегенмін. Ол өтірік емес. Қала прокуратурасы болғандықтан, аса ауыр санаттағы істерді биылғы өзгерістерге байланысты ғана берді. Сондықтан эмоцияны ұстау, сабыр сақтау тәжірибемен келеді. Әр прокурорда ішкі сенім болуы керек. Ол заң талаптарына, дәлелдерге сүйеніп қана жұмыс істеуі керек. Эмоцияға жол беруге тыйым салынады", - деді ол.

Шерзат ісі туралы не белгілі?

Еске салайық, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда Шерзат Болат көз жұмды.

2025 жылы 5 мамырда Талдықорған сотында тоғыз айыпталушыға үкім шығарылды:

  • Тергеу мәліметінше, Шерзатқа пышақ жарақатын салған басты айыпталушы Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Равиль Сакиев 20 жылға сотталды.
  • Қалған айыпталушылар 7 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған Ы.Д. 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget