Прокурор Саяхат Нұрбеков Қуандық Бишімбаевқа неге 24 жыл берілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бишімбаевқа түпкілікті 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Соны сұрадық. Бишімбаев жазасын қауіпсіздік деңгейі барынша қатаң мекемеде өтейді. Себебі ол бұрын да сотталған. Ал Байжановқа 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрадық. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді", - дейді прокурор.
Сонымен қатар, прокурор Бишімбаев неліктен өмір бойына сотталмағанын түсіндірді.
"Республика бойынша кейінгі бес жылда мұндай істерде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмаған", - дейді прокурор Саяхат Нұрбеков.
Еске салайық, бүгін Бишімбаев ісіне қатысты соңғы сот отырысы өтті. Үкім бойынша Бишімбаев 24 жыл, Байжанов 4 жылға сотталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!