- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Прокуратураны да, сотты...
"Прокуратураны да, сотты да сатып аламыз". Оқушыны өлтірген екі күдікті де ауқатты отбасының ұлы болып шықты
Түркістан облысы Ордабасы ауданы Төрткүл елді мекенінде кісі қолынан қаза тапқан оқушының өліміне қатысты сот басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Аружан Орынбайды өлтірді деген күдікпен 18 және 19 жастағы екі жігіт айыпталып жатыр. Бірі ауылдың экс-әкімінің, екіншісі ауылдың ауқатты азаматының ұлы екен.
Қайғылы жағдай Төрткүл ауылында биыл сәуір айында болған. 9-сыныпта оқитын Аружанды 11 сынып оқушысы мен 19 жасар ауылдасы жалаңаш фотоңды жариялаймыз деп, миллион теңге талап еткен.
"Фотодағы қыз мен емес, сендерді ағам айтып беремін" дегенде екі қаскөй 15 жасар қызды бірнеше мәрте пышақпен ұрып, денесін суға ағызып жіберген.
Сот енді басталғанымен, Аружанның жақындары ауқатты отбасынан шыққан сотталушылар жазадан құтылып кете ме деп уайымдап отыр.
"Төлеп дегенің экс әкімнің баласы, ал екінші Бейбарыс деген ауқаттының баласы. Ауылдан естіп жатырмыз. Бес адвокат жалдаған. "Прокуратураны да, сотты да сатып аламыз" деген әңгімелер естіп жатырмыз ауылдан. Мен талап етемін, соттың да әділ өткенін қалаймын", - дейді марқұмның анасы Динара Зілғараева.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан