Қостанай облысының көлік прокуратурасы вагондардың рельстен шығуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі NG.kz-ке сілтеме жасап.
Редакцияға жүк пойызы вагондарының рельстен шығып кеткен сәті бейнеленген видеоларды оқырмандар жіберген.
Алғашқы видеодағы жазуға қарағанда, оқиға 10 қыркүйекте, Әуежай маңындағы Орал көшесінде болған.
Ал екінші оқиға жайлы журналист Михаил Козачковтың Telegram-арнасында хабарланды:
"Куәгердің айтуынша, 14 қыркүйекте вагон рельстен шығып, контейнер аударылған. Бірақ неге екені белгісіз, бұл оқиға ресми мәліметтерге енбеген. Мен көліктегі полиция департаментінен сұрастырдым, олар мұндай дерек тіркелмегенін айтты", – деп жазды ол.
Қостанай көлік прокуратурасы бұл жағдайға байланысты пікір берді.
"Уәкілетті органдар Қостанай көлік прокуратурасының үйлестіруімен тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір фитинг платформалардың рельстен шығу себептері анықталып жатыр. Нәтижелері кейін белгілі болады", - делінген жауапта.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!