- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Прокуратура Түркістан облысының...
Прокуратура Түркістан облысының полиция бөліміндегі азаптау дерегіне қатысты пікір білдірді
Түркістан облыстық прокуратурасының өкілі тұрғынды азаптауға қатысты жағдай туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды OTYRAR басылымы.
Прокуратураның Сотта мемлекет мүддесін қорғау және сот актілерін қадағалау департаментінің басшысы Қаныбек Тоқсанбаев азаптау дерегі бойынша айыпталған полицейлер қазір бостандықта екенін айтты. Оларға қатысты бас бостандығын шектемейтін шаралар қабылданған.
Прокуратура өкілінің сөзінше, сот полицейлерді кінәларының дәлелденбеуіне байланысты ақтап алған. Алайда бұдан кейін прокурорлар істі қайта қарауға қол жеткізген.
"Бас прокуратура бізді қолдап, елдің Жоғарғы сотына негізсіз ақтап алу үкіміне қатысты шағым түсірді. Бұдан кейін Жоғарғы сот үкімді жоққа шығарып, қайта қарауға жіберді", - деді Түркістан облысы прокуратурасының өкілі.
Еске салайық, әлеуметтік желіде полиция басқармасында азапталған ер адамның дауысы жазылған видео жарияланған еді. Ер адамның сөзінше, полицейлер басына қап кигізіп, ұрып-соққан.
Г. Досымшалова