"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" заңнаманың қолданылуын талдаумен жеке тұлғаны заңда белгіленген жауапкершіліктен босатуға әкеп соққан бұзушылықтарды анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қылмыстық қудалау органы 2022 жылы сібір елігін заңсыз аулау фактісі бойынша Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қозғаған, тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған.
Жануарлар әлеміне келтірілген залал 1,2 млн теңге, алайда қылмыстық қудалау органы залалды өтеу және заңда белгіленген жауапкершілікке броконьерді тарту жөніндегі шараларды 2 жыл ішінде қабылдамаған.
Прокуратура заңсыз тоқтатылған сотқа дейінгі тергеп – тексерудің күшін жойды, тергеп-тексерудің толықтығын қамтамасыз етті, Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының 9-бөлігі негізінде кінәлі адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Бір мезгілде прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган 1,2 млн теңге сомасында жануарлар әлеміне келтірілген залалды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінді. 2024 жылғы 12 шілдеде аудандық сот зиянды өтеу туралы талап арызды толық көлемде қанағаттандырды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!