ШҚО прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау схемаларын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының сақталуын тексеру барысында басқа елдерден азаматтарды көшіру үшін тұрғын үй сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлаудың қылмыстық схемаларын анықтады.
Бұл қаражаттың жалған сатып алу-сату келісімдері және үй сатушылармен сөз байласу арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрланғаны анықталды.
Тағы бір ұрлық дерегі мансап орталықтарының лауазымды тұлғаларына қатысты. 2024 жылдың басында Моңғолиядан қоныс аударған үш отбасы жалпы сомасы 18 млн теңгеге тұрғын үй сатып алуға келісімшарт жасаса, оның 9 млн теңгесін қоныс аударушылар келісімшартқа қол қойғанға дейін төлеген-мыс, ал қалған соманы Орталық сатушылардың есепшотына аударған. Содан кейін сатушылар ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, оны қоныс аударғандарға қайтарды, олар жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде көлік сатып алуға жұмсады.
Тағы бір жағдайда қоныс аударушы 8 млн теңге сомасында үйді сатып алу-сату шартын жасасқан, оның 4 млн теңгесі экономикалық ұтқырлық сертификаты арқылы төленген.
Сонымен қатар сатып алынған үй қирап, тұруға жарамсыз екені, ақшаны заңсыз алу мақсатында жалған келісімшарт жасалғаны анықталды. Осы фактілер бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, тергеу мүддесі үшін қатысқан тұлғалар туралы ақпарат жарияланбайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!