- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Прокуратура өз-өзіне қол...
Прокуратура өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін үш қылмыстық іс қозғады
Прокуратура өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін үш қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
"Интернетте өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін прокуратура ҚК-нің 313-1-бабымен 3 қылмыстық іс қозғады. Тергеуді арнайы прокурорларға тапсырдым. Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген контентке қатысты бірнеше Telegram-арнаның қатысушылары мен әкімшілері тексеріледі", – делінген жазбада.
Асыловтың сөзінше, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалады.
"ІІМ суицидтің барлық фактісінде ҚР-ның 313-1-бабы белгілерін тексеру тапсырылды. Тергеу барысын бақылауға алдым. Басқа да әлеуметтік желілерде ҚК-нің 313-1-бабы белгілерінің бар-жоғын тексереміз", – деп жазды ведомство басшысы.
Суицидті насихаттайтын шетелдік сайттар бойынша халықаралық құқықтық көмек көрсету үшін халықаралық тапсырмалар жіберілетінін атап өтті.
"Тексеру барысында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы мәселені қарастырамыз", – деді бас прокурор.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан