- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шерзат Болаттың ісі
Прокуратура қазақстандықтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Алматы облысының прокуратурасы тұрғындарға заңсыз митингтерді ұйымдастыру мен оларға қатысудың салдары туралы ескерту жасаған үндеуін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство бейбіт жиналыстарды, митингтерді және пикеттерді ұйымдастыру мен өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңымен қатаң реттелетінін еске салды.
"Тұрғындарды жауапкершілік танытып, заңсыз митингтерге қатысуға шақырған үндеулерге ермеуге шақырамыз. Мұндай іс-шараларды ұйымдастыру және оларға қатысу - заңды өрескел бұзу және бұл ауыр зардаптарға әкеледі. Бұл әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 400-бабы) қарастырылған. Заңсыз акцияларға қатысу әкімшілік қамауға алу, ірі айыппұл салу және қылмыстық қудалауға әкелуі мүмкін екенін еске саламыз", - делінген Алматы облысы прокуратурасының үндеуінде.
Ведомство түіндірмесі 10 желтоқсанда Азат ауылында болған оқиғадан кейін жарияланды. Онда Талғарда қаза тапқан Шерзат Болаттың ағасының жерлеу рәсімі өтті. Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған. Жерлеуден кейін полиция Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты ұстады. Полиция мәліметінше, ол агрессив түрде әрекет етіп, айналасындағыларға қауіп төндіріп, өзіне-өзі қол жұмсау туралы айтып, полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасаған.
Айта кетейік, 9 желтоқсанда таңертең Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды. Полиция мәліметінше, марқұм өзіне-өзі қол жұмсаған, сондай-ақ ол Шерзаттың ағасы Нұрқанат екені расталған.
Кеше Нұрқанаттың жерлеу рәсімінен соң Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ұсталды. Ол 15 тәулікке қамалды.
Сонымен қатар Нұрымовтың әпкесіне ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Бұған қоса, Нұрымовтың немере әпкесі бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынып, кейін Қазақстаннан шығарып жіберу жазасы тағайындалды.
Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?
Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.
Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?
Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар Алматы облысы полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.
Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек