Прокуратура инклюзив білім беру жүйесінде негізсіз төлемдерді анықтады

Алматы облысының прокуратурасы "Бақытты және қауіпсіз балалық шақ" жобасы аясында инклюзив оқыту мәселесі бойынша білім басқармасында тексеріс жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Талдау барысында ерекше білім беруді қажет ететін 55 баланы оқытуға жауапты мұғалімдерге стационарлық емделу кезінде іс жүзінде көрсетілмеген білім беру қызметтері үшін негізсіз төлемақы тағайындалғаны анықталды.  

Тексеру қорытындысы бойынша мемлекет бюджетінен негізсіз жұмсалған 4,5 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Заңнамаға сәйкес кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды.  

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!