Ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаралы хабарды Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров жеткізді.
"Амангелді Айталы ағамыз мәңгілікке аттаныпты. Парасаты мол, рухани тұңғиық азамат еді. Қазақтың рухани әлемін дамытуға өлшеусіз еңбек сіңірген қайраткер Амангелді Айталы ағамыздың туған-туыс, жақын-жекжаттарына қайғырып көңіл айтамыз. Жаны жәннатта болсын, ағамыздың!", - деп жазды депутат.
Айта кетейік, Амангелді Айталы - ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері. Философия ғылымының докторы, профессор. ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры.
Амангелді Әбдірахманұлы 100 ден астам ғылыми мақалалардың, 5 монографияның авторы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!