Мамандандырылған профайлер Михаил Дементьев "Кинетический психопат" Youtube-арнасында есалаң (психопат) адамды көрсететін алғашқы белгілер туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін мен әлемде қандай адамдар барын, отбасыныңызда басыңызда өткеріп жатқан нәрселер мүлдем қалыптан тыс болуы мүмкін екенін ескерткім келеді. Мен 5 негізгі белгіні атап, оларды байқаған сәтте бірден оның дұрыс емесін түсінгеніңізді қалаймын", - деді маман.
Адамның есалаң екенін көрсететін негізгі 5 белгі:
- Өзінің жеке көзқарасын, пікірін, қабылдауын, мінез-құлқын ашық ұстанып, оны қорғауға деген ұмтылыс. Өзгелердің қарсылығына қарамастан, өз қалауын насихаттау арқылы олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлқына әсер ету. Олар өздерін сахнада монолог оқып тұрған актер секілді ұстап, сіздің жауап беруге деген әрекеттеріңізді елемейді.
- Жеке пайдасы үшін басқа адамдарды алдау және манипуляциялау үрдісі.
- Есалаң (психопат) - өте ақылды адам, ол эмоция, мазасыздық, ұят сезімінің не екенін білмейді, өзімшіл мінезді, өзін ешқашан кінәлі санамайды. Психопат жазаны қабылдай алмайды, оның келесі іс-әрекетін болжау мүмкін емес, жауапсыз. Тұрақсыз өмір-салтын ұстанады, басқа адамдармен қарым-қатынаста манипуляция қолданады.
- Шешендік, сыртқа деген сүйкімділік.
- Психопатқа ұйықтау үшін көп уақыт қажет емес, олар көбінесе 3,5-4 сағаттық ұйқы жеткілікті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!