Елордадағы Достық үйінде өткен конференцияда Қазақстанда медиация институтын дамыту мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның мақсаты - отбасындағы даулы және жанжалды жағдайларды шешуде медиацияны қолданудың келешегі, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу.
"Біздің конференция Республика күніне арналған. Біз оған көптен бері дайындалып, мықты спикерлерді шақырдық. Сонымен, ҚХА Республикалық медиация кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтайдың мүшесі Шерзод Пулатов медиаторлардың заңды жауапкершілігіне тоқталды. Отбасылық медиация сияқты өзекті тақырып қызу талқыланды. Өкінішке қарай, соңғы кездері отбасылық зорлық-зомбылыққа байланысты атышулы қылмыстар жиі болып жатыр. Медиация көптеген мәселелерді өркениетті түрде, жанжалсыз, агрессиясыз шешуге мүмкіндік береді. Ол мысалы, мұраны бөлу, ажырасу сияқты жағдайларда да маңызды құрал болып саналады", - деді конференция модераторы, заңгер және Астана қалалық ҚХА Достық үйінің медиаторы Роза Бекішева.
Оның айтуынша, дөңгелек үстел барысында азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды шешуде, сондай-ақ ұлтаралық жанжалдарды шешуде медиацияны қолдану сияқты тақырыптар да қозғалды.
"Медиацияның қағидаттары - дауласушы тараптардың өз еркімен әрекет етуі, ал медиатор тарапынан - тәуелсіздік, бейтараптық және құпиялылық. Біздің іс-шараға әртүрлі адамдар қатысты: қоғамдық ұйымдардың, қала басшылығының, денсаулық сақтау, білім беру, коммерциялық құрылымдардың өкілдері. Алайда, ең бастысы, біз мұнда жастарды шақырдық. Бұл жерде жастар өте маңызды әрі пайдалы ақпарат алды деп ойлаймын. Біз спикерлерден де сұрадық, олардың барлығы практиктер, сондықтан олардың әрқайсысы еліміздегі медиацияның болашағы мен дамуы туралы өз ұсыныстарын айтады", - деп түйіндеді Роза Бекішева.
Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы ұсынған материал
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!