Евгений Пригожинге тиесілі Embraer Legacy жеке бизнес-джеті құлаған жерден сегіз адамның мәйіті табылды. Бұл туралы "РИА Новостиге" төтенше жағдайлар қызметінің өкілі хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қолда бар кейінгі ақпарат бойынша ұшақ құлаған жерден сегіз адамның мәйіті табылды", - деп хабарлады басылымның дереккөзі. Ол апат орнында іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын айтқан.
23 тамыз күні кешке Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Мәскеуден Санкт-Петербургке ұшқан Embraer Legacy ұшағы Тверь облысындағы Куженкино ауылының маңында құлағанын хабарлады. Агенттік ұшақта он адам болғанын, оның ішінде үш экипаж мүшесі, алдын ала мәлімет бойынша, барлығы қайтыс болғанын мәлімдеді. Әуе көлігі федералдық агенттігінің мәліметінше, жолаушылар тізімінде "Вагнер" жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің тегі мен аты бар.
Ал, "Фонтанка.ру-ға" қандай бар бір дереккөз апатқа ұшыраған ұшақтың бортында Пригожин шынымен де болғанын хабарлаған. Бортта кәсіпкерден басқа "Вагнер" жасағының командирлері де болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!