- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Пригожин "Вагнер" жасағының...
Пригожин "Вагнер" жасағының жақын арада қызметі тоқтайтынын айтты
Евгений Пригожин Ресей Қорғаныс министрлігі оның жауынгерлеріне оқ-дәрілер жеткізбей жатқанына тағы да шағымданды. "Вагнер" қысқа уақыттан кейін өз қызметін тоқтатады, деді ол ресейлік блогерге берген сұхбатында.
Донецк облысындағы Бахмут қаласында жауынгерлері бірнеше айдан бері соғысып жатқан"Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин жақында компания қызметін тоқтатуы мүмкін деген пікір білдірді.
"Жақында"Вагнер" өз қызметін тоқтатады деген қорытындыға келдік", - деді ол ресейлік блогер Семен Пеговпен әлеуметтік желіде жарияланған сұхбатында.
"Wagner PMC will cease to exist in some rather short period of time. We will become history" - Prigozhin.
— Anton Gerashchenko (@Gerashchenko_en) April 28, 2023
Interesting... Tea or sledgehammer? pic.twitter.com/0prK3A8W80
"Біз тарихта қаламыз. Ештеңе емес, солай болады", - деді Пригожин. Әлеуметтік желіде жарияланған видеороликке қарағанда, Ресей Қарулы Күштерінің басшысы жеке әскерінің тоқтатылуын Ресей Қорғаныс министрлігінің жалдамалыларға оқ-дәрілер жеткізбейтіндігімен байланыстырады.
Бұл Пригожиннің снаряд жетәспеушілігіне шағымдануы және Ресей әскери басшылығының жекелеген мүшелерін "ел мүддесіне опасыздық жасады" деп айыптауы бірінші рет емес. Әзірге оның қашан мәлімдеме жасағаны белгісіз. Оның өзі әзірге БАҚ өкілдерінің айтылған жайтқа түсініктеме беру туралы өтінішіне жауап берген жоқ.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Евгений Пригожин өткір де сарказмдық мәлімдемелерімен танымал, сондықтан оның айтқаны қаншалықты салмақты болғанын әзірге айту мүмкін емес. Кеше ол украиндық әскерилерге қаланы америкалық журналистерге көрсетуге мүмкіндік беру үшін оның бөлімшелері Бахмутты атқылауды тоқтатты деген ақпаратты жоққа шығарды. Бірнеше сағаттан кейін ол бұл жай ғана "әскери әзіл" екенін айтты.
Т. Раушанұлы