"Вагнер" жеке әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожин Путиннің мәлімдемесіне жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Евгений Пригожин аудиохабарлама жазып, "вагнерліктер" патриот екенін айтты.
"Елге сатқындық жасады дегеніне қатысты - президент қатты қателесті... Ешкім президент, ФҚҚ немесе басқаның талабымен кінәсін мойындамайды. Біз ел одан әрі жемқорлыққа батқанын қаламаймыз...", - дейді Пригожин.
"Вагнер" жасағы қандай ұйым және Евгений Пригожин жайлы не білу керек?
Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Telegram-арнасында "Президенттің айналасына жиналуға" шақырды.
"Бөліну мен сатқындық - ең үлкен трагедияға, үлкен катастрофаға апаратын жол. Біз оған жол бермейміз. Жау жеңіледі! Біз жеңімпаз боламыз", - деп жазды ол.
Еске салайық, бұған дейін бірнеше ресейлік БАҚ елде ішкі қақтығыс басталғанын хабарлаған болатын.
Федералды қауіпсіздік қызметі "Вагнер" жеке әскери компания басшысы Евгений Пригожиннің мәлімдемесінен кейін қарулы көтеріліс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Пригожиннің сөзінше, "РФ қорғаныс министрлігі "Вагнер" ЖӘК лагерьлеріне соққы жасаған". Бұл туралы Mash Telegram-арнасы жазды.
БАҚ Ресейде әскери төңкеріс басталғанын хабарлады: елде не болып жатыр?
ВВС ресейлік қызметі Вагнер мен Ресейдің қорғаныс министрлігі арасындағы қақтығыс жетер жеріне жеткен. "Вагнерліктерге" жасалған зымыран соққысынан кейін Пригожин "әділдік маршын" бастауды шешіпті-мыс, көбісі бұл әскери төңкеріс жасау әрекеті деп бағалаған.
Ал Ресейдің ресми билігі зымыран соққысы туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын және ол арандату екенін мәлім етті. Бұл туралы РИА Новости жазды.
Сонымен қатар, ФҚК "түзетілмейтін қателіктер жібермеуге, Ресей халқына қарсы кез келген әрекетті тоқтатуға, Пригожиннің қылмыстық және сатқындық бұйрықтарын орындамауға, оны ұстауға шаралар қабылдауға" шақырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!