Президенттің тапсырмасы орындалды: 5 нысан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді

Маңғыстаудағы Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата және Сұлтан Үпі жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді. Бұл шешім 25 шілдеде Пусан қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік мұра комитетінің 48-сессиясында қабылданды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ерлан Қариннің айтуынша, қасиетті орындардың ЮНЕСКО тізіміне енуі - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы әрі тікелей қолдауының нәтижесі.

"Бұл - Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Өйткені, төл мәдени мұрамыз ЮНЕСКО-ның беделді тізіміне соңғы рет 22 жыл бұрын, яғни 2004 жылы (2003 жылы – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, 2004 жылы – Таңбалы петроглифтері) қосылған болатын", - деді ол.

Кейінгі жылдары Президент бастамасымен бұл бағыттағы жұмыс қайта жанданды. Атап айтқанда, 2024 жылы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Маңғыстаудағы жартасты мешіттерін ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу жөніндегі жұмысты бастауды тапсырған еді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мұраларды ЮНЕСКО тізімдеріне ұсыну жұмысын күшейтуді тапсырған. Соның ішінде ағаштан тұтас салынған Жаркент мешітін, Алматыдағы Вознесенск кафедралды соборын, Қаратау петроглифтерін және Абайдың "Қара сөздерін" ЮНЕСКО тізіміне енгізу міндеті қойылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!