- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президенттің Қытайға мемлекеттік...
Президенттің Қытайға мемлекеттік сапарынан деректі фильм көрсетіледі
Жексенбі, 21 мамырда қазақстандық телеарналар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары туралы "Алтын достық" деректі фильмін көрсетеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының телерадиокешені өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды.
Мемлекет басшысы Сиань қаласында Қытай басшысы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізіп, оның барысында стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.
Қытайда Қазақстан Президенті «Орталық Азия-Қытай» саммитіне де қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындысын Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің "Алтын достық" атты жаңа деректі фильмінен көруге болады. Телетуынды бүгін телеарналардан көпшілік назарына ұсынылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова