- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Президенттің кеңесшісі коронавирус...
Президенттің кеңесшісі коронавирус жұқтырып алды
Фото:
Тұрар Қазанғапов
Президенттің кеңесшісі Қанат Бозымбаев коронавирус жұқтырып алды. Ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Президенттің кеңесшісі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың ПТР-тест сынамасы оң шыққанын және денсаулығына байланысты демалыста екенін растаймыз", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Мәжілістің баспасөз қызметі Massaget.kz тілшісіне Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов коронавирус жұқтырып алғанын растаған еді. Ол қазір емделіп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова