Президенттің кеңесшісі Берік Уәлидің әкесі өмірден өтті
Президент кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәлидің әкесі Уәли Құрманғалиев 74 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаралы хабарды белгілі журналист Төлен Төлеубай естіртті.
"Берік Уәли бауырымыздың асқар тауы құлапты. Уәли ақсақалды Алла алдынан жарылқасын! Бекем болыңыз, Беке!", - деп жазды ол.
Марқұмның қонақасы 10 желтоқсанда "Әзірет Сұлтан" мешітінде өтеді, ал жаназасы 11 желтоқсанда Астанадағы Республикалық бас мешітте шығарылады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан