Президенттің жолдауы: мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берілді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен цифрлық штаб отырысы өтті. Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында қойған міндеттерге назар аударылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы цифрлық қалыпқа көшу арқылы экономиканың барлық саласын жаңғырту міндетін қойды. Сондықтан ЖИ енгізу нақты нәтижеге бағытталуға тиіс", - деді Олжас Бектенов.

Отырыс қорытындысы бойынша бірыңғай ұлттық цифрлық жүйені құруға бағытталған бірқатар шешім қабылданды.

Мемлекеттік органдарға мынадай тапсырмалар берілді:

  • 15 қарашаға дейін НҚА-ға тиісті өзгерістер, ал денсаулық сақтау саласының басым бағыттарына отандық стартаптардың шешімдерін енгізу;
  • 20 желтоқсанға дейін денсаулық сақтау саласындағы 7 әртүрлі ақпараттық жүйені Qaztech базасындағы интеграцияланған 2 платформаға біріктіру;
  • 1 желтоқсаннан бастап электр және жылу желілерін диагностикалау үшін жасанды интеллекті технологияларын енгізу;
  • 20 желтоқсанға дейін елдің отын-энергетикалық кешенінде салалық ақпараттық қауіпсіздік орталығының жұмысын қамтамасыз ету.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!